БҰҰ: Украинадағы ресейлік күштер тұтқындарды азаптап жатыр

Украинадағы ресейлік күштер тұтқындарды азаптап, зорлап, мүгедек етіп жатыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінде мәлімдеді, деп хабарлады BBC арнасы.

Құжатта ресейлік күштің украиналық әскери тұтқындарды азаптап жатқаны, елдің бейбіт тұрғындарын, әсіресе Мариуполь тұрғындарын аяусыз атқылап, бомбалағаны егжей-тегжейлі баяндалған.

БҰҰ тергеушілері Украинаға 16 рет барып, 800-ден астам куәгерден — украиналық әскери тұтқындар мен қашып кеткен ресейлік сарбаздардан сұқбат алған. Сол кезде олардың берген пікірін баяндамада дәлел етіп берген.

«Комиссия әйелдерді азаптаумен тең жағдайларда жасалған зорлау және басқа да сексуал зорлық-зомбылық жағдайларын зерттеді. Комиссия елді мекендерде жарылғыш қаруды қолданылып жатқанына алаңдап отыр. Женевада өткен баспасөз мәслихатында есептің негізгі қорытындыларын ұсынған комиссия мүшесі, үнді заңгері Вринда Гровер: «Ресей әскери күштері көбінесе шабуылға ұшыраған нысандардың азаматтық емес екенін тексеру үшін практикалық сақтық шараларын қолданбайды», – деді журналистерге БҰҰ тергеу комиссиясының (COI) басшысы Эрик Мозе.

«Фактілер Ресей билігінің халықаралық адам құқықтары мен халықаралық гуманитарлық құқықты бұзып, соған байланысты әскери қылмыстар жасағанын көрсетеді», – деді ол.

Оған қоса ол бұл мәселеге қатысты тағы да қосымша зерттеулер қажет екенін айтты.

Құжат авторлары тұтқындарды жүйелі түрде азаптау кең тараған деген қорытындыға келеді: оларды үнемі ұрып-соғады, электр тогымен азаптайды, тіпті дене мүшелерін кесіп тастайды.

Factcheck.kz