Бақытжан Төреғожина “Батыл әйел” премиясының лауреаты атанды

Қазақстандық құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина “Батыл әйел” халықаралық премияның лауреаты атанды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады.

Бақытжан Төреғожина 25 жылдан бері Қазақстандағы адам құқығын қорғаумен айналысып келеді. Оған қоса ол — Қаңтар қырғынында азапталғандарға құжат мәселесімен көмектесетін “Qantar 2022” коалициясының жетекшісі.

Төреғожина өзінің бүкіл мансабында азапталған, қатігездік көрген, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған адамдардың мүддесін қорғады. Ол өз пікірін бейбіт түрде білдіргені үшін қудаланған адамдардың құқығын қорғау үшін жұмыс істеді және саяси тұтқындарды босатуды сұрағандардың бірі болды.

АҚШ мемлекеттік департменті

Сонымен қатар биыл “Батыл әйел” сыйлығына украиналық Юлия Паевская, польшалық Бьянка Залевска, Ирандағы митиңде наразылық білдіріп жүрген әйелдер мен қыздар ие болды.

Марапаттау рәсімі 8 наурызда өтеді.

Айта кетейік, Бақытжан Төреғожина — бұл сыйлықты алған қазақстандық үшінші әйел. Бұған дейін 2018 жылы адвокат Айман Омарова, 2020 жылы Сайрагүл Сауытбай “Батыл әйел” лауреаты атанған.

Factcheck.kz