БАҚ-қа қатысты сот ісінің ескіру мерзімі үш жылдан бір жылға қысқартылуы мүмкін

Қазақстанда БАҚ-қа қатысты сот ісінің ескіру мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы депутат әрі журналист Сергей Пономарев Instagram-парақшасында хабарлады.

“Масс-медиа” туралы заңға түзетуді депутаттар – Сергей Пономарев, Жұлдыз Сүлейменова және Никита Шаталов ұсынды.

Депутаттың айтуынша, жаңа заң жобасы бойынша, енді журналистер аудио, видео-жазбаларды, құжаттарды, деректерді үш жыл сақтап жүруге міндетті емес.

Кейбірі мұны кек алудың нұсқасы деп көретін. Бірақ енді БАҚ-тың үстінен арызданғандар үш жыл емес, бір жыл ішінде соттасып, мәселесін шешіп алуы керек. Бұл – біздің кішкентай жеңісіміз!

Сергей Пономарев, депутат
Factcheck.kz