2023 жылы өлім жазасына кесілгендер саны рекорд көрсеткіштен асты

2023 жылы өлім жазасына өте көп адам кесілді. Көрсеткіш кейінгі он жылдағы рекордтан асып кетті. Бұл туралы Amnesty International ұйымы өзінің баяндамасында хабарлады.

Ұйымның мәліметі бойынша, 2023 жылы 1153 өлім жазасына кесілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ке көп. Бұл статистикаға Қытай еліндегі жағдайдар кірмейді. Себебі Қытай үкіметі мұндай ақпаратты жария етпейді.

Баяндама авторларының айтуынша, өлім жазасына кесілгендердің саны Таяу Шығыста, әсіресе Иранда күрт өскен. Иранда былтыр кемінде 853 адам өлім жазасына кесілді.

2023 жылы ең көп өлім жазасы Қытайда, Иранда, Сауд Арабиясында, Сомалиде және АҚШ-та болған.

Factcheck.kz