Фактчек | Алматыдағы 6-сыныпты тәмамдаған оқушылар туралы

Маусымның аяғында Алматыда бір топ ата-ана Назарбаев зияткерлік мектебінің алдына жиналып химия-биология бағытындағы мектепке қабылдау барысында 6-сынып тәмамдаған оқушылар арасында байқау әділ болмағанын айтып шағымданды. Ата-аналар “қазақша мен орысша сыныпты тәмамдағандар арасында алалаушылық болды” десе, мектеп директоры орыс тілінде 6-сынып аяқтағандар қазақ тіліне қарағанда көбірек екенін айтты. Factcheck.kz оқырмандар сұранысы бойынша Алматы қаласында 6-сыныпты аяқтаған оқушылар туралы ақпаратты тексеріп көрді.

6-сыныпты Алматы бойынша бітірген 33 420 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде 15 536, орыс тілінде бітірген 17 884 оқушы.

Гүлмира Мөңкеева, мектеп директоры

Үкім: Шындыққа жақын

Алматы қаласы білім басқармасының бізге ұсынған деректері бойынша, 2021-2022 оқу жылында қалада 6-сыныпты 31 477 оқушы тәмамдаған, оның ішінде 14 792 қазақша, 16 315 орысша, 370 ұйғыр тілінде білім алған.

акпарат

Мектеп директорының айтуынша, грант санын мектеп емес Республикалық комиссия шешеді. Олар аймақтағы 6-сыныпты тәмамдаған қазақ және орыс сыныптарындағы оқушылардың санына қарай грант бөлетінін атап өтті.

Бұған дейін біз НЗМ мен қарапайым мектептер арасындағы қаржылық алшақтық туралы материал дайындағанбыз. Төменнен оқи аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz