Журналистер одағы Бишімбаевтың сотына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Журналистер одағының Астанадағы филиалы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Одақ өкілдерінің айтуынша, журналистер дүйсенбі болған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісіне қатыса алмады.

“11 наурызда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Бишімбаевқа әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деген айып бойынша сот отырысы басталды. Сот процесі ашық өтеді дегеніне қарамастан, журналистер көптеген қиындыққа ұшырады. БАҚ қызметкерлеріне сот отырысын тікелей сот залынан фото және видеоға түсіру мүмкіндігі берілмеді, сондықтан қазір фоторепортаждар мен сюжет дайындау процесі, мәтін түріндегі материалдарға қажет суреттер алу қиындады”, – делінген ҚЖО-ның Астанадағы филиалы таратқан мәлімдемеде.

Кәсіподақ журналистерге екі конференц-залда қалып, трансляцияны сот залынан қашықтан бақылауды ұсынғанын айтты.

“Сурет пен дыбыс сапасына әсер ететін техникалық ақаулар болуы мүмкін екенін ескерсек, мұндай тәсіл сот процесін ашық өткізу принципіне қайшы келеді. Сонымен қатар журналистер іс қаралатын сот залы тар деген соң процесті басқа жақтан бақылауға келісіп, фото-видео түсіру үшін бірнеше БАҚ өкілін шектеулі уақытқа сотқа кіргізуді сұраған, бірақ оған рұқсат бермеді. Бұл – “ашық процестегі” журналистердің заңды қызметіне кедергі келтіру”, – дейді одақтың Астанадағы филиалы.

Журналистер одағы процесті фотоға және бейнеге түсіріп жатқан журналистерді сот залына міндетті түрде кіргізуді талап етті.

“Сот процесін фотоға және видеоға түсіріп жатқан журналистерді сот залына кем дегенде шектеулі уақытқа кіргізбесе, бұл істің объектив түрде қаралып жатқанына күмән туғызады және халықтың әділ жаза тағайындалатынына сенімін әлсіретеді, қазақстандық азаматтардың Қазақстанда әділ сот бар-жоғына деген сеніміне нұқсан келтіреді”, – деп қорытындылады СЖК Астанадағы филиалы.

Дүйсенбіде сот залына марқұм Нүкенованың жақындары да кіре алмады. Тек жәбірленуші деп танылған оның ағасы Айтбек Амангелді процеске қатысты. Бұл іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 12 наурызда жалғаспақ.

Factcheck.kz