Жұмыс уақытында мем көрген адам жақсы жұмыс істей ме?

Интернетте “жұмыс уақытында мем көрген адам жақсы жұмыс істейді” деген пікір тарады. “Проверено” басылымы деректі тексеріп көрді.

Бұл мағлұмат бірқатар жерде жарияланды (1, 2, 3).

Мем – көпшілік арасында тез тарайтын, көбіне әзіл ретінде жасалатын сурет, видео және тағы басқа. 2021 жылы Америка психологиялық қауымдастығы (APA) зерттеу жүргізді. Ғалымдар COVID-19 пандемиясы кезінде мемдерді көрген адамдардың психологиялық әл-ауқаты қалай өзгергенін анықтап көрді. Экспериментке 18 бен 88 жас аралығындағы 799 ерікті қатысты, оларға екі түрлі жазуы бар мемдар көрсетілді: кәдімгі және коронавирус жөніндегі мем. Нәтижесінде пандемия кезінде сол жағдайға қатысты мемдердің адамдарға қызық болғаны белгілі болды.

Бұдан бөлек тағы зерттеу жасалды. Дегенмен мемнің адамның жұмыс өнімділігіне қатысты әсерін дәлелдейтін нақты ақпарат жоқ. Мемнің адам көңіл-күйін сергітетіні, одан кейін жақсы болып қалатыны рас. Бірақ ол мемге қатысты емес. Адам жай тынығып алса да, кейін жақсы жұмыс істейді.

Factcheck.kz