Google компаниясының бас директоры Сундар Пичай жасанды интеллект жүйесі «адам құндылықтарына, соның ішінде моральға сай болуы керек» деп санайды. Бұл туралы MSN ақпарат порталы CBS арнасының “60 минут” бағдарламасына сілтеп жазды.
Жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып келеді, компаниялар оны өз қызметінде пайдалануға асығып жатыр. Дегенмен адамдарды технологияның қаншалық этиканы сақтайтыны алаңдатып отыр. Себебі чат-боттар жалған ақпарат таратуы мүмкін.
Пичайдың пікірінше, жасанды интеллекті құруға әлеуметтанушылар, этика және философия мамандары қатысуы қажет.
«Меніңше, алдағы 10 жылда таңғажайып нәрселерді жасай алатын өте қабілетті интеллект болады және біз қоғам ретінде соған бейімделуіміз керек», – деді Пичай сұхбатында.