Жер бетінен жойылған алып адамның сүйегі табылды ма?

Facebook-те қаңқаның, дәлірек айтқанда, үлкен сүйектердің фотосы тарады. Желі қолданушылары оны “жер бетінен жойылып кеткен алып адамдар сүйегі” деп мәлімдеді. USA Today ақпаратты тексеріп көрді.

“Эквадордың Чангаймина деген шағын ауылында 7 метрлік алыптың сүйектері табылды. Бұл сүйектер бойы 12 метр болған ежелгі адам нәсілімен байланысты. Бір кезде 1912 жылы туған жергілікті діни қызметкер осындай мәлімдеме жасаған еді. Ол қаңқа қалдықтарын өзі қайтыс болғанға дейін, 1999 жылға дейін сақтаған”, – делінген 29 наурызда жарияланған жазбада (тікелей сілтемеархив сілтеме). 

Жер бетінен жойылған алып адамның сүйегі табылды ма?
Жазба скрині

Алайда фактчекерлер бұл жер бетінен жойылып кеткен алып жалқаудың сүйектері екенін анықтады.

Суреттегі қаңқа Эквадордағы Museo Paleontológico Megaterio музейінде тұр. Мекеменің веб-сайтында да осы суреттер көрсетілген. Оның сипаттамасында бұл сүйектер бойы 4 метр remotherium laurillardi деген жалқауға тиесілі екені жазылған. Сонымен қатар музейдің Facebook парақшасында және CBC Radio сюжетінде сүйектердің басқа фотолары көрсетілген.

Музейдің координаторы Ширли Де Ла Круз да фактчекерлерге пошта арқылы суреттегі сүйектер алып жалқаудыкі екенін хабарлаған.

Factcheck.kz