Жасанды интеллект көмегімен жасалған фото халықаралық конкурста жеңімпаз атанды

Суретін жасанды интеллект арқылы жасаған фотограф марапаттан бас тартты. Бұл туралы The Guardian хабарлады. Неміс суретшісі Борис Эльдаген сайтында Sony World Photography Awards конкурсынан ұтып алған сыйын қабылдай алмайтынын айтты.

Оның ақ-қара туындысында түрлі дәуірдің екі әйелі бейнеленген.

Жасанды интеллект көмегімен жасалған фото халықаралық конкурста жеңімпаз атанды
Суретші Борис Эльдагеннің туындысының скриншоты

Сайттағы мәлімдемесінде ол конкурстардың жасанды интеллектіге қаншалық дайын екенін білу үшін “маймыл” сияқты өтініш бергенін жазды. “Бізге, фотоәлемге ашық дискуссия керек. Қайсын фото ретінде санап-санамайтынымыз талқыланып жатыр”, – деді ол.

Сонымен қатар суретші бұл жағдайды “тарихи сәт” деп атады, себебі жасанды интеллект көмегімен жасалған сурет алғаш рет халықаралық конкурста жеңіске жетті.

Жасанды интеллект суреті мен кәдімгі фото мұндай марапат үшін бәсекелеспеуі керек. Екеуі екі түрлі. ЖИ – фотография емес, сондықтан марапатты қабылдамаймын

Борис Эльдаген
Factcheck.kz