Gen компаниясы 2024 жылдың екінші тоқсанына арналған киберқауіптер туралы есебін жариялады. Онда жасанды интеллектіге негізделген шабуылдардың тез көбейіп жатқаны айтылған. Алаяқтар генератив ЖИ арқылы фейк дауыстарды, суреттерді, видеоларды жиі жасайтын болған. Сарапшылар бұл олардың айласын одан әрі күрделі ететінін ескертіп айтады. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.
Gen компаниясының есебі бойынша, олар биыл былтырмен салыстырғанда 46%-ға көп кибершабуылға қатысты қызметті бұғаттаған.
Алаяқтар құрбандардың назарын аудару үшін атақты адамдар мен өзекті әлемдік оқиғаларды пайдаланады, deepfake технологиясын қолданып, жалған инвестициялық ұсыныстарды таратады. Мысалы, жақында алаяқтар адамдарды алдап, оларды өзінің криптовалютаға қатысты алаяқтық әдісіне сендіру үшін ресми іс-шаралардың видеосын қолданған. SpaceX тестінің трансляциясы кезінде кейбір инвестор алаяқтарға алданып, 1,4 миллион долларын жоғалтқан.
Оған қоса алаяқтар антивирус арқылы алдайтын ескі әдісін де қолданады. Олар пайдаланушыларды қорқыту және оларды жалған бағдарлама жасақтамасын сатып алғызу үшін Windows жүйесіне еліктейтін терезелерді пайдаланады.
Сонымен қатар алаяқтар арасында ЖИ арқылы жасалған фейк дауысты пайдаланып, құрбандарды жұмысқа – үй шаруасымен айналысуға шақыратындар жиілеп кетті.
Тағы бір қауіп – цифрлы жеке деректі ұрлау. Олар адамдардың құрылғысын бұзып алып, сол жерден қаржыға қатысты деректерін, құпиясөздерін біліп алады. Мәселен, TeaBot сияқты қолданбалар смартфондағы банк картасына және криптовалютаның әмиянына қатысты ақпаратты ұрлайды.