Жасанды интеллект арқылы фильм түсірілді

Осы күнге дейін Голливуд жасанды интеллектіні арнайы эффект, дипфейк, компьютер арқылы актерларды жасарту мақсатында қолданатын. Бүгінде технология одан әрі дамып, ештеңенің көмегінсіз, тек жасанды интеллект арқылы фильм түсіруге мүмкіндік пайда болды.

12 сәуірде америкалық режиссер Джон Фингер Twitter-парақшасына және Youtube-ке қысқаметражды фильмін жариялаған. Бір қызығы, оған актерлар түспеген, фильм толық жасанды интеллект көмегімен әзірленген.

Фингер кескінді жасау үшін мәтінді видеоға айналдыратын Runway жүйесін пайдаланған: режиссер жүйеге әр кадрды сипаттап жазған. Ал дыбысын Elevenlabs арқылы жасаған. Режиссерға сюжет идеясы 4-ChatGPT келесі мәтінді жазғанда келген: “Түс көрдім, онда жасанды интеллект екенмін және зертханада ояныппын. Бұл нені білдіреді”.

Джон Фингер бірнеше жылдан бері Midjourney, RunwayML, Elevenlabs және тағы басқа жүйелерді сынап жүр. Мұндай тәжірибе жасап жүрген тек ол емес. Мысалы, Makersplace платформасы жасанды интеллект көмегімен әзірленген топтамасын жариялады. Онда 9 ролик бар. Әрине, ол көбіне классикалық киноға емес, концептуал өнер туындысына ұқсаған. Дегенмен енді бұл нәрсе визуал өнерде де қолданылып жатыр. Бірнеше жылдан соң жасанды интеллект фильмдері “Оскар”, “Алтын глобус” сияқты марапатқа ие болуы әбден мүмкін.

Factcheck.kz