1 шілдеде Instagram-да Bugatti автокөлік компаниясының шоты тарады. Видеодағы шотта шамамен 5 миллион доллар тұратын көлікті Украина президентінің әйелі Елена Зеленская сатып алғаны көрсетілген деседі. USA Today деректі тексерді.
«Украина президентінің әйелі Зеленская америкалық салық төлеушілердің долларына 4,4 миллион еуро тұратын Bugatti спорт көлігін сатып алды», – делінген хабарламада. Пост төрт күнде 400-ден астам лайк жинады. Мұндай мәлімдемелер басқа әлеуметтік желілерде де жарияланды.
USA Today басылымы бұл жазбаның шындыққа жанаспайтынын айтады. Автоконцерн өкілдері көпшілік арасында тараған мағлұматты жоққа шығарды. Пошта арқылы жіберілген шот-фактурада көптеген заңға және қаржыға қатысты мәліметтер жоқ.
«Bugatti Automobiles S.A.S. “Жақында Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленскаяның Bugatti көлігін сатып алды” деген ақпараттан хабардар», – деді Bugatti баспасөз хатшысы Николь Огер.
«(Bugatti) өз тұтынушыларын құрметтейді және әдетте өз тұтынушылары туралы ешқандай ақпаратты ашық жарияламайды. Бұл жағдайда (Bugatti) ерекшелік жасайды, себебі жалған шот тарап жүр. Ішкі аудит бойынша, Зеленская ханым Bugatti тұтынушысы емес», – деп қосты ол.
“Проверено” басылымы көпшілік арасында тараған видеоны тексеріп, ол жасанды интеллект арқылы жасалған деген қорытындыға келді.