Windows жүйесінің уақытша істен шыққаны салдарынан жалған ақпарат тарады

Жақында Windows жүйесінің уақытша істен шыққаны салдарынан әуекомпаниялардың, банктердің, телеарналардың жұмысы уақытша тоқтап қалды. Оған қоса жаппай жалған ақпарат тарады. Бұл туралы “Халықаралық француз радиосы” AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Фейк ақпарат Х желісінде кеңінен тарады.

«Мен бір жерде үшінші дүниежүзілік соғыс киберсоғыс сияқты болатынын оқығанмын», – деп жазды X сайтында бір қолданушы.

Оған қоса “Дүниежүзілік экономикалық форум жаһандық кибершабуылды жоспарлады” деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шын көрінуі үшін көбі ұйымның ескі видеосын дәлел ретінде көрсетті. Ал ол видеода COVID-қа ұқсас кибершабуыл туралы ескерту айтылып жатыр.

ДЭФ уеб-сайтына жариялаған бейнеде киберқауіптің экспоненциал түрде тарағанын тоқтатудың жалғыз жолы – миллиондаған осал құрылғыны бір-бірінен және интернеттен ажырату.

Сонымен бірге ықтимал шабуылдарға қарсы тұруға қатысты халықаралық тренингтерге сілтеме жасайтын, киберполигон хэштегін қолданатын қастандық сипатындағы хабарламалар интернетте тез тарады.

«Осындай жаһандық оқиғалардан кейін қастандық теорияларының таралуы – ақпараттық экожүйенің нәзік табиғатының қайғылы белгісі», – деді жалған ақпаратпен күресумен айналысатын компанияның вице-президенті Рафи Мендельсон.

«Мұндай жағдайлардың ерекшелігі – әлеуметтік медиа платформаларының, форумдардың және хабар алмасу қолданбаларының контентті жылдам тарататыны, түрлі теорияны тез тартуға және жаһандық аудиторияны қамтып алуға мүмкіндік беретіні», – деп қорытындылады сарапшы.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz