Видеода Пригожиннің өліміне себеп болған ұшақ бейнеленген бе?

2023 жылғы 23 тамызда аспанда өртенген ұшақтың видеосы тарады. Көбі оны “Вагнер” жекеменшік әскери компаниясының негізін қалаған Евгений Пригожиннің бизнес-джесі деп топшылады (1, 2). “Проверено” басылымы ақпаратты тексеріп көрді.

2023 жылғы 23 тамызда Тверск облысында Embraer Legacy 600 деген жекеменшік ұшақ құлады. Бизнес-джест жолаушыларының қатарында “Вагнер” ЖӘК негізін қалаған Евгений Пригожин мен жалдамалылардың тікелей басшысы Дмитрий Уткин болғаны айтылды. Кейін мұны экспертиза растады. Пригожинға қатысты Telegram-арналар ұшақ апаты ракетаның салдарынан болғанын жазды. Ал ресми органдар бірнеше нұсқаны қарастырып отыр: оның ішінде техникалық ақау мен ұшақ ішінде бомбаның жарылуы бар.

Желіде ұшақтың құлаған сәтінің бірнеше видеосы тарады. Оның біреуінде Embraer ұшағының төменге түсіп бара жатқаны, артынан аппақ түтін шығып жатқаны анық көрініп тұр (видеода анайы сөздер бар).

Басқа ракурстан түсірілген тағы бір бейнеде дәл осындай картина: ұшақ тікесінен төменге бет алған және артынан ақ түтін шыққан. Қатты өрттің белгілері жоқ.

Алайда біз талқылап отырған, тексеріліп жатқан видео жоғарыда айтқан екеуіне ұқсамайды: ондағы ұшақ аспанда өртеніп жатады. Бұл видеоның Тераск облысындағы Embraer Legacy 600 ұшақ апатына еш қатысы жоқ. Кадр 2023 жылғы 24 маусымда Евгений Пригожин мен “Вагнер” ЖӘК жалдамаларының басқыншылығы кезінде тараған. Бұл видеода бейнеленген ұшақ апаты Воронежск облысында болған. Ұшаққа вагнерлықтар шабуыл жасаған. Кейін оның ИЛ-22 деген ұшатын команда пункті екені анықталды.

Қорытындыласақ, көпшілік арасында тараған, аспанда өртенген ұшақтың дәл осы видеосының Пригожиннің өліміне себеп болған ұшақ апатына еш қатысы жоқ.

Factcheck.kz