Осы айда Facebook желісінде алып адамдар бейнеленген бірқатар видео (тікелей сілтеме, архив сілтеме) жарияланды. USA Today басылымы кадрларды тексеріп көрді.
Желідегі жазбаның бірінде “Нағыз алыптың кадрлары” деп жазылған. Екі апта ішінде бұл постты жүздеген адам бөліскен.

Алайда фактчекерлер көпшілік арасында тараған бейне 2007 жылы шыққан “Жапониялық алып” деген комедия әрі боевик жанрындағы фильмнің трейлерінің үзіндісі екенін анықтады. Фильмнің трейлері YouTube-қа 2012 жылы жүктелген. Ондағы алып адам компьютер арқылы жасалған.
«Алып пен құбыжықтар компьютер технологиясы арқылы жасалған», – делінген фильмнің IMDb веб-сайтында.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.