Түркиядағы жер сілкінісі: 128 сағаттан соң екі айлық қыздың табылғаны рас па?

Желіде кішкентай қыздың суреті тарады. Сипаттамасына сәйкес, ол Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан үйінді астында қалып қалған, құтқарушылар оны 128-130 сағат өткен соң аман алып шыққан. Snopes фактчекерлері бұл суретке қатысты кей ақпараттың қарама-қайшы екенін байқап, оны тексеріп көрді.

Сәбидің суреті бар пост FacebookInstagramLinkedInTwitter және Reddit-те жарияланды.

Түркиядағы жер сілкінісі: 128 сағаттан соң екі айлық қыздың табылғаны рас па?
Жазба скрині

Іздеу нәтижесінде фактчекерлер қыздың құтқарылған оқиғасын растайтын Bild.de неміс басылымының материалын тапты. Журналист және фотограф Хамди Гөкбулут Түркиядағы Адана қаласының ауруханасы оған қызды көруге рұқсат бергенін хабарлады.


Кей әлеуметтік желідегі жазбаларда “суреттегі ұл бала” деп жазылған. Алайда Гёкбулуттың айтуынша, құтқаршылар11 ақпанда Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Хатай провинциясы, Искендерун қаласындағы үйінді астынан екі айлық қызды тауып, аман алып шыққан.

16 ақпанда, қыз туралы материал жарияланған кезде оның ата-анасы әлі табылмаған еді. Оған қоса оны ауруханаға апара жатқан кезінің видеосы интернетте тарады.

Кейін репортёр NewsNation Анил Кумар Верма Twitter-іне басқа видео жариялады. Оның сөзінше, бұл видеода дәл сол құтқарылған қыздың көмек алғаннан кейінгі сәті бейнеленген.

Осылайша, Түркиядағы жер сілкінісінен 128 сағат өткен соң екі айлық сәбидің құтқарылғаны – шындық.

Factcheck.kz