2023 жылы күзде Хаяо Миядзакидің мултфильміндегі кейіпкер — автобусмысық кейпіндегі пойыз бейнеленген видео тарады. Бұл кадр Токиодағы метрополитенде түсірілген деседі. “Проверено” бейнені және оған қатысты ақпаратты тексерді.
“Менің көршім Тоторо” деген аниме 1988 жылы жарық көрді. Ондағы кейіпкердің бірі — мысық кейпіндегі автобус. Биыл желіде 8 секундтық видео тарады. Онда дәл осы мультфильм кейіпкеріне ұқсайтын метро пойызы бейнеленген. Бір Пикабу мұндай пойыз Токиода Хэллоуин қарсаңында болғанын хабарлады.
Бұл видеоны алғаш видеосуретші Иэн Пэгем İnstagram-дағы парақшасына жүктеді. Оның лақап аты — Origiful. Жазба 3,1 миллион лайк жинады. Автор оның сипаттамасына “токиялық арман” деп жазды.
Пэдгем — Францияда тұратын суретші. Ол поэтика-сюрреализм стилінде видео әзірлейді.
Шын мәнінде, Токиода мұндай пойыз ешқашан болмаған. Көпшілік арасында тараған видеодағы пойыз компьютер графикасы арқылы жасалған.
«Мұның барлығы 3D анимация. Мен 3D модель мен нақты бейнені қосып жасаймын. Жасанды интеллектіні қолданбаймын, бірақ болашақта жасанды интеллекті де мұны істей алады деп ойлаймын», – деді автор Пэдгам видео туралы.