Time журналы Израильдің премьер-министрін “Жыл қанішері” деген бе?

Х және Instagram желісінде Time журналының мұқабасы тарады. Онда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың суреті бейнеленген және “Жыл қанішері” деп жазылған. Reuters Fact Check мұқабаның қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.

24 желтоқсанда скриншот Facebook-та да жарияланды.

Алайда мұқаба фейк болып шықты. Фактчекерлер мұндай мұқабаның жарыққа шыққанын дәлелдейтін дерек таппады. Ал Time журналының өкілі агенттікке пошта арқылы тарап жүрген мұқабаның шынайы емес екенін мәлімдеді.

Жақында Time журналы әнші Тейлор Свифтті “Жыл адамы”, Лионель Мессиді “Жыл спортшысы”, Сэм Альтманды “Жылдың бас директоры” деп жариялады. Нетаньяху басылымның тізімінде болмады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz