TikTok желісі Ресейдің мемлекеттік Sputnik агенттігі мен RT International профилінің 37 парақшасын бұғаттады. Бұл туралы RT хабарлады.
RT мәліметі бойынша, Sputnik International, Sputnik Serbia, Sputnik Afrique, Sputnik Africa, Sputnik Brasil, Sputnik Mundo және Sputnik Indonesia, “Sputnik Абхазия”, “Sputnik Армения”, “Sputnik Беларусь”, Sputnik Stories аккаунттары істемей қалған.
Бұл аккаунтарды қолданғысы келген адамдарға “аталған аккаунттар табылмады” деген ескерту-хабарлама шыққан. RT TikTok өкілдері аккаунттарды жабу себебін түсіндірмегенін айтады.
Айта кетері, жақында Meta компаниясы RT арнасын бұғаттағанын хабарлаған едік.