Сценариі жасанды интеллект арқылы жазылған фильмнің премьерасы өтпейтін болды

Лондон кинотеатры көпшіліктің наразылығына байланысты сценариі жасанды интеллект арқылы жазылған фильмнің әлемдік премьерасын тоқтатты. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Бір апта бұрын Лондонның Уест-Энд аймағында орналасқан және дәстүрлі түрде культ және көркем фильмдер көрсетілетін Prince Charles кинотеатрында «Соңғы сценарийші» деп аталатын жаңа туынды көрсетіледі. Алайда кинотеатр әлеуметтік желіде премьера болмайтынын хабарлады.

Кинотеатр мәлімдемесінде былай делінген: «Фильм жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде болған кері байланыс аудиториямызды сценаристің орнына жасанды интеллектіні қолдану мәселесі алаңдататынын көрсетті”.

«Соңғы сценарист» деген швейцариялық фильмінің режисеры — Питер Луизи. Сюжет желісі бойынша, атақты сценарист жаңа бәсекелесінің пайда болғанын байқайды. Ол жасанды интеллектің өзі сияқты, одан да жақсы сапада сценарий жаза алатынын, адамдарға эмпатия көрсете алатынын түсінеді.

Луиси The Daily Beast-ке 200 шағымнан кейін театр көрсетілімнен бас тартқанын айтты, бірақ актерлер мен топтың жеке көрсетілімі Лондонда өтеді.

“Меніңше, адамдар жоба туралы толық білмейді. Олардың естігені – «толық жасанды интеллект арқылы жазылған алғашқы фильм» және олар оны бірден жауды көреді, ашуын көрсетеді. Жазушылар уақытын бөліп фильмді көрсе, процесс және фильмнің не үшін түсірілгенін оқыса, бізді немесе өздерімен пікірлес мені соттайды деп ойламаймын”, – дейді режиссер.

Киноиндустрияда жасанды интеллектіні пайдалану өзекті мәселе болып қала береді. Былтырғы Голливуд сценаристерінің ереуілінің негізгі талаптарының бірі сценарий жазу процесіне жасанды интеллект құралдарын қолданудан қорғау болды. Нәтижесінде жоба сценарийлерін жасау үшін ЖИ пайдалану мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізілді, ал жазушылар әрқашан өз жұмыстары үшін өтемақы алатын болды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz