Сот Трамптың азаматтық беруді доғаруға қатысты жарлығын тоқтатты

Сиэтл қаласының округтік соты Дональд Трамптың АҚШ-та туылған балалардың азаматтық алу құқығын шектейтін жарлығын уақытша тоқтатты. Бұл туралы DW басылымы CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Сот Вашингтон, Иллинойс, Орегон және Аризона штаттарының өкілдерінің өтінішін қанағаттандырып, президент жарлығын Конституцияға өрескел қайшы деп таныды. Шағымданушылардың сөзінше, Ақ үй басшысы 1868 жылы қабылданған Конституцияның 14-түзетуін бұзған.

АҚШ-та 22 штат Трамптың туу құқығы бойынша азаматтық беруді доғару жөніндегі жарлығына сотқа шағым түсірген. Трамптың жарлығына сәйкес, егер баланың анасы не әкесі АҚШ азаматы немесе елдің заңды тұрғыны болмаса, АҚШ-та туған балалар америкалық азамат ретінде танылмайды. Массачусетс бас прокурорының кеңсесі Трамптың жарлығы күшінде қалса, ол жыл сайын АҚШ-та дүниеге келетін 150 мыңнан астам баланы азаматтық алу құқығынан айыратынын мәлімдеді.

Журналист

Factcheck.kz