“Симпсондар” химтрейлер туралы болжам жасаған ба?

“Симпсон” мультсериалдың бір үзіндісінде химтрейлердің пайда болғанын болжаған деседі. USA Today фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Химтрейл – ұшақтың артынан қалатын улы іздер туралы фекй әрі қастандық теориясы.

31 қаңтарда Facebook-қа жарияланған видео үзіндісінде “Симпсон” мультсериалының кейіпкерлері үйінің үстінен ұшып бара жатқан ұшаққа қарап тұрады. Видеода телефонға жауап беретін анимация кейіпкері көрсетілген. Ол “ауа райын қадағалайтын Барлау басқармасы орталығындағы” біреумен сөйлесіп жатады және жанында “химтрейлер” деген жазуы бар көлік, өзінен соң сұр бұлт шығаратын ұшақ, жел турбиналары тұр. Бейненің соңғы бөлігінде америкалық қалаларды орап жатқан дала өрті туралы теледидар жаңалықтары көрсетіледі.

«Олар мұны тағы да жасады», – деп жазылған #болжау және #america деген хэштегтері бар жазбада.

Екі апта ішінде адамдар бұл видеоны Facebook желісінде 1 мыңнан астам рет бөліскен.

Шын мәнінде видео өңделген. Бір-біріне мүлдем қатысы жоқ «Симпсондар» және «Америкалық әке» мультсериалдың үзінділері қосылып кеткен.

Facebook желісіндегі видеоның бірінші бөлігінде «Симпсондар» сериясының 14-маусымының «Мистер Сприц Вашингтоңға барады» деген үзіндісі көрсетілген. IMDb сайтында эпизодтың қысқаша мазмұны былай берілген: «Крастидің отбасы әуе қозғалысы үйлеріне жақын, қауіпті аймақта ұшып жүргеннен кейін оны Конгресске үміткер болуға мәжбүр етеді».

Алайда фактчекерлердің айтуынша, Disney+ жүйесінен эпизодты толық көріп, онда химтейлер туралы мүлдем айтылмағанын білуге болады.

Бейнедегі қалған анимация көріністері «Америкалық әке» мультфильмінен алынған. Сериалдың 11-маусымының эпизодында бас кейіпкер Стэн күшті дауыл жасауды сұрап, барлау басқармасына жүгінеді. Эпизодта химтрэйлдер, ұшақтар және жел турбиналары көрсетіледі.

Мұнда “үкімет халықты улау үшін аспанға химия заттарын ұшақ арқылы шашады” деген химтейлер туралы жоққа шығарылған қастандық теориясы туралы айтылады.

Видеоның соңындағы жаңалықтардың да қастандық теориясына еш қатысы жоқ. Онда 2020 жылы Сан-Францисконы және 2023 жылы Нью-Йоркты орап алған орман өрттерінің түтіні туралы айтып отыр.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz