“Шекарасыз тілшілер” ұйымының жетекшісі Кристоф Делуар қайтыс болды

8 маусымда Парижде халықаралық “Шекарасыз тілшілер” ұйымының бас хатшысы Кристоф Делуар 53 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Азаттық.

Кристоф Делуар ұйымға 12 жыл жетекшілік еткен. Ол журналистикадағы жолын саяси тақырыптарды жазып, бастаған. Апталық Le Point басылымында зерттеуші болды. “Фламмарион” басылымының редакторы қызметін атқарды. 2010 жылы Пантеон-Сорбонна университетінің саясаттану бойынша докторлық мектебінің басқармасында қызмет етті. Журналистерді дайындау орталығының директоры болды. 2012 жылы Делуар әлем бойынша цензурамен күрес және баспасөз еркіндігімен айналысатын халықаралық “Шекарасыз тілшілер” ұйымының бас хатшысы болды. 

Factcheck.kz