Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр

Қазақстандықтың көбі ресейлік мигранттар елдегі азық-түліктің, тұрғын үйді жалдау мен қызметтердің қымбаттауына әлі ықпал етіп жатыр деп ойлайды. Бұл туралы MediaNet халықаралық журналистика орталығы Украинадағы соғыс жағдайында ресейліктердің миграциясына қазақстандықтардың көзқарасы туралы сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Сауалнама Data against crisis жобасы аясында жүргізілген. Онда қатысушылардан ресейлік мигранттарға көзқарасы, олардың Қазақстанға жаппай келуінің елге қаншалық тиімді немесе негатив тұсы бар екені сұралды.

Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттің көбі (61%) ресейлік миграция елдегі бағаның өсуіне әсер еткен деп есптейді. 14%-і жергілікті мамандар үшін бәсеке артқанын айтса, 11%-і миграция салдарынан ұлтаралық шиеленіс өршуінен, 5%-і елде қылмыс көбеюінен қауіптенетенін жеткізген. Ал 4%-і “орыс әлемін” жақтаушылар Қазақтандағы тұрақтылыққа зиянын беруі мүмкін екенін айтқан.

Тағы бір бөлігі (17%) ресейлік мигранттар салдарынан басқа мемлекеттер Қазақстанға санкция салуы мүмкін екенінін және елде тіл мәселесі пайда болатынын алға тартқан. 10%-і бұл сұраққа жауап беруге қиналған.

Сонымен бірге респонденттер ресейлік мигранттардың елге келуінің пайдасы бар екенін де атап өтті. 24%-і мигранттар ақша жұмсап, Қазақстан экономикасын байытады десе, 22%-і олар Қазақстандағы мамандардың біліктілігін арттыруға көмектесетінін айтады. Респонденттің 17%-і мигранттар жаңа компаниялар ашып, қазақстандықтарға жаңа жұмыс орны пайда болады деп ойласа, 4%-і ел демографиясына оң әсерін береді деп санайды. Енді бір бөлігі бұл жағдай Қазақстанның қонақжай мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыруға, этникалық қазақтардың елге оралуына септігін тигізетінін айтқан. Ал сауалнамаға қатысқанның 21%-і ресейлік миграцияның “тиімді тұсы жоқ” деп есептейді.

  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр
  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр
  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр
  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр
  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр
  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр
  • Сауалнама: ресейліктердің миграциясы бағаның өсуіне әлі ықпал етіп жатыр

Десе де қазақстандықтың басым бөлігі (52%) Украинадағы соғыстан кейін елге ресейліктердің көптеп келуіне бейтарап қарайтын болып шықты. Тек 9%-і мигранттарға көмек беру екенін айтқан. 47%-і мұқтаж адамдарға ғана көмектесу керек десе, тағы 23%-і мигранттар өз қамын өзі жасауы керек деген пікірде.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқанның 27%-і елге келген Ресей азматтарының саяси ұстанымын анықтау керек екенін алға тартса, 24%-і мемлекеттік органдар Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін ресейліктердің өміріне мониториң жасап отыруы керек дейді. 7%-інің сөзінше, мигранттарды елден депортациялау қажет. 10%-і ресейліктерге шекараны шабуы керек екенін мәлімдеген.

Factcheck.kz