Салтанат Нүкенованың өлімі: Қуандық Бишімбаев ісі сотқа түсті

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған бұрынғы ұлттық экономка министрі Қуандық Бишімбаев ісі сотқа түсті. Бұл туралы Астана қалалалық сотының ресми сайтында жарияланды.

Күдіктіге Қылмыстық істің “Қинау” және “асқан қатыгездікпен кісі өлтіру” баптары бойынша іс қозғалған.

Тағы бір күдікті, бұрынғы министрдің туысы, “Гастроорталық” директорының үстінен “қылмысты жасыру” және “қылмыс туралы хабарламау” баптары бойынша тергеу аяқталған.

31 жастағы Салтанат Нүкенова қатыгездікпен ұрып-соғудан өлгені хабарланған. 11 қарашада күдікті Қуандық Бишімбаев пен “Гастроорталық” директоры қамауға алынды.

Бишімбаев Нүкенованың өлімі бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына қамалуы мүмкін.

Factcheck.kz