Римде жүздеген адам фашистер сияқты сәлем берген бе?

2024 жылдың басында әлеуметтік желіде бір видео тарады. Онда Римде жүздеген адам қолын көтеріп, фашистер сияқты сәлем беріп тұр деседі. Snopes фактчекерлері бейненің қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.

Бұл видео бір жазбаның өзінде 30 миллион рет қаралған.

“Жүздеген адам Римде италиялық қоғамдық қозғалыстың бұрынғы штаб-пәтерінің жанында фашистер сияқты сәлем берді”, — деп жазды Х желісінің бір қолданушысы.

Видео шынайы. The Guardian басылымының 2024 жылғы 8 қаңтардағы мәліметі бойынша, ол неофашистік италиялық әлеуметтік қозғалыстың бұрынғы штаб-пәтерінің жанында (қазір ол жоқ) түсірілген. Жиылғандар “Акка Ларентиа қырғыны” деп аталатын ВИА Акка Ларентиа көшесінде үш фашистің өлтірілгеніне 46 жыл болғанын еске алды.

BBC де Би-би-си “Италиялық фашистік сәлемдесу бейнесі саяси жанжал тудырды” деген тақырыпта мақала жазды. Онда былай делінген:

“Италия премьер-министрі Джорджия Мелони жексенбіде кешке Римде өткен митиңде жүздеген ер адам фашистік сәлем берген неофашистік топқа тыйым салуға шақырды. Олар 1970 жылы солшыл содырлар өлтірген үш оңшыл белсендіні жыл сайынғы еске алуға қатысты. Бірақ әлеуметтік желіде жарияланған бейне бұл оқиғаға барлығының назарын аударды. Онда оң қолын созған, қара киген ерлерді көруге болады”.

Бұдан бөлек тағы бірнеше сенімді басылым бұл оқиғаны жазды (1,2,3).

Осылайша, фактчекерлер видео шынайы деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz