Ресейде шетелдік сервис арқылы қызмет көрсетуге тыйым салынды

Роскомнадзор бірқатар ресейлік шенеуніктер мен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне Telegram, Whatsapp және тағы басқа шетел қолданбалары арқылы азаматтармен байланысуға тыйым салды. Бұл туралы ведомство өзінің сайтында хабарлады.

Тыйым салынған қолданбалар қатарында Viber, Skype, Microsoft Teams, Snapchat, Discord, швейцариялық Threema мессенджері және қытайлық WeChat бар.

“Ресейлік ұйымдардан өз қызметін жоспарлағанда жаңа жағдайларды ескеруді сұраймыз”, – делінген ведомство хабарламасында.

“Ақпаратты тарату немесе ақпарат беру” заңындағы жаңа өзгерістер 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енді.

Factcheck.kz