Пресли мен Монроның бірге түскен фотосы фейк болып шықты

Желіде Элвис Пресли мен Мэрилин Монроның бірге түскен фотосы тарады. Алайда сурет фейк болып шықты. Бұл туралы Snopes.com хабарлады.

@fakehistoryhunt парақшасы суреттің өңделгенін, әлдекім екі фотоны қосып жасағанын анықтады.

Шын мәнінде, жұлдыздар суретке бөлек-бөлек түскен. Монроның бұл фотосын 1953 жылы Лос-Анджелестегі Shrine Auditorium-да Фил Стерн түсірген. Ал Преслидің суреті жеті жылдан соң пайда болды. Әнші оған «G.I. Блюз» музыкалық комедияға түсу үшін Лос-Анджелеске бара жатқанда түскен.

Екеуі мансабын бір уақытта құрса да, Монро Преслиден тоғыз жас үлкен болған. Монро мен Преслидің кездесіп-кездеспегенін дәлелдейтін деректер жоқ. Сол себепті фактчекерлер бұған қатысты нақты ештеңе айта алмайды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz