Оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы Ямало-Ненец автономиялық округінің федерал жазаны орындау қызметі  басқармасы хабарлады.

«16.02.2024 жылы № 3 түзеу колониясында сотталған А.А.Навальный серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалды», – делінген хабарламада. 

Мәлімдемеде мекеменің медицина қызметкерлері дереу келгені, медициналық жедел жәрдем экипажы шақырылғаны айтылған.

“Барлық қажет реанимациялық шаралар жасалды, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел медицина көмегі дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты. Өлімнің себептері анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Factcheck.kz