OpenAI GPT-4o деген жаңа өнімін шығарды

OpenAI GPT-4o деп аталатын жасанды интеллектінің жаңа флагман моделінің анонсын жариялады. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Мұндағы “o” әріпі “omni” дегенді білдіреді. Сөзбе-сөз аударғанда “жан-жақты” деген мағынаға ие. Бұл модельдің мәтінді, ауызша айтылған сөзді және бейнені өңдеу қабілетіне қатысты.

OpenAI техникалық директоры Мира Муратидің айтуынша, GPT-4o өнімінің интеллекті GPT-4 деңгейінде, бірақ түрлі саладағы мүмкіндігі көбірек.

OpenAI-дың бұған дейінгі GPT-4 Turbo моделі мәтін және фотомен жұмыс істей алған, оны талдай алған болса, жаңа GPT-4o нұсқасы ауызша айтылған сөзді де талдай алады. Бұл модель 50 тілді меңгерген.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz