Open AI жасанды интеллект арқылы жазылған мәтінді анықтайтын жүйені өшірді

ChatGPT-ді әзірлеген Open AI компаниясы жасанды интеллект технологиясы арқылы жазылған мәтінді анықтауға мүмкіндік беретін AI Classifier жүйесін өшіріп тастады. Бұл туралы The Verge хабарлады.

2023 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша, AI Classifier-дің нақтылығы төмен болғаны үшін өшірілді. Қазір біз пікірлерді ескеріп, жұмыс істеп жатырмыз және мәтіннің қалай жазылғанын анықтайтын тиімдірек әдісті зерттеп жатырмыз. Оған қоса тағы бір міндетіміз – қолданушыларға аудио не визуал контенттің жасанды интеллект арқылы жасалып-жасалмағанын анықтауға мүмкіндік беретін механизм әзірлеу.

Open AI-дың ресми сайтындағы мәлімдеме.

OpenAI басынан-ақ (жүйе 2023 жылғы қаңтардан бастап істейді) құралының сенімді емес екенін мойындаған. Ол мәтіннің жасанды интеллект арқылы жазылып-жазылмағанын тек 26%-ке анықтай алады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz