Meta платформаларында контентке қатысты шектеулер азаяды

Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг Facebook, Instagram және Threads желілерінде контент модерациясына өзгерістер енгізілді деді. Ол бұл туралы 7 қаңтарда бейнежазбада хабарлады.

Цукербергтің айтуынша, Meta желілерінде контентті модерациялау жүйесі әлсіреп, цензура өскен. Meta платформаларында фактілерді тексеру (фактчекинг) жүйесі жұмыс істейді. Ал бұны “тәуелсіз халықаралық фактілерді тексеру немесе еуропалық фактілерді тексеру желісі сертификаттаған тәуелсіз ұйымдар” жасайды.

Алайда Цукерберг фактчекинг жүйесі сенімді нығайтудың орнына, әсіресе АҚШ-тағы саясат тұрғысында біржақты болып кеткенін әрі цензураны көбейткенін айтып, жүйенің жойылғанын хабарлады.

Фактілерді тексерудің орнына Илон Масктың X әлеуметтік желісінде жұмыс істеп тұрған Community Notes жүйесі енгізілмек. Бұл арқылы пайдаланушылар жарамсыз жазбаға шағымданып, қателерді өзі қадағалайды. Ал Meta контент модерациясына өрескел қайшы келетін жазбаларды ғана бұғаттайды.

Бұл Цукерберг пен басқа технологиялық компания басшыларының АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіне кіріспей тұрып, онымен қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған.Трамп пен оның республикалық одақтастары Meta-ны фактілерді тексеру саясаты мен оңшыл көзқарастарға цензурасын сынға алған.

Платформа басшылығы иммиграция және гендер сияқты тақырыптарға шектеуді алып тастауды жоспарлап отыр.

Одан бөлек, Цукерберг Meta-дағы контентті қадағалау командалары Калифорниядан Техасқа көшетінін мәлімдеді. Бұған дейін Илон Маск та SpaceX туралы дәл осындай шешімге келген.

Журналист

Factcheck.kz