Өзбекстан жасанды интеллектіні реттейтін заң әзірлемек

Өзбекстан жасанды интеллект саласын реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Курсив ел президенті Шавкат Мирзиеевтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бір күн бұрын Өзбекстанның мемлекет басшысы кеңес өткізді. Онда республикадағы ақпараттық технологиялар саласын дамыту жолы талқыланды. Сол кезде жасанды интеллект енгізу стратегиясын және осы саладағы жобаларды жүзеге асырудың екі жылдық бағдарламасын әзірлеу жоспарланды. Сондай-ақ Өзбекстанда жасанды интеллект технологиялары орталығы болады.

Өзбекстан билігі ЖИ құралдарын банк ісі мен қаржы, кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру салаларында қолданудың әлеуетін көріп отыр.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz