Қытайда жануарлар сыртта жүретін, ал адамдар торда отыратын бақ бар ма?

2024 жылғы сәуірде әлеуметтік желіде Қытайда бір ерекше зообақтың бар екені туралы ақпарат тарады. Бұл зообаққа барған адамдар тордың ішінде отырады, ал жануарлар, керісінше, сыртта емін-еркін жүреді деседі. Оған желіде тараған фото дәлел дейді. Адамдар бұл хайуанаттар бағын “бақтың керісінше түрі” деп атап кеткен. Snopes фактчекерлері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Қытайда жануарлар сыртта жүретін, ал адамдар торда отыратын бақ бар ма?

Бұл мағлұмат Reddit, Instagram, X, Facebook және TikTok желісіне жарияланды.

Көпшілік арасында тараған фотода бейнеленген зообақ  — 2015 жылы Қытайдың Чунцин қаласында ашылған “Лехе Леду жабайы табиғат хайуанаттар бағы”.

Қытайдың New China TV деген мемлекеттік арнасы YouTube-қа «Қытайда хайуанаттар бағында торға отыруға келетін адамдар жолбарыстар мен арыстандарды тамақтандыру үшін ақша төлейді» деген тақырыпта видео жариялады. Сипаттамасында “Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунциндегі хайуанаттар бағы адамдарға әлемдегі ең жабайы жануарларды өз қолымен тамақтандыруға мүмкіндік береді, бірақ ол үшін олар торда болуы керек” деп жазылған.

Алайда бұл жерді “бақтың керісінше түрі” деп атау қате. Себебі хайуанаттар бағының тек бір бөлігі – аттракцион-сафариінде адамдар торда отырып, жабайы аңдар сыртта жүреді. Онда адамдар өзінің көлігі немесе автобус арқылы да жүре алады. Жаяу жүргіншілерге арналған жер де бар. Бұл туралы leheledu.com сайтында айтылған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz