Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан WhatsApp мессенджері арқылы фейк хабарлама тарады. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлады.
Қала әкімдігі тұрғындарды қырағы болуға шақырды.
«Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары! WhatsApp мессенджері арқылы қала әкімі Асхат Бердіхановтың атынан ақпарат тарады. Мұндай сілтемелерге сенбеңіз, ақша аудармаңыз немесе күмәнді сілтемелерді орындамаңыз. Абай болыңыз! Әкімнің Instagram желісінде ғана ресми парақшасы бар. Барлық жаңалық тек осы аккаунт арқылы көрсетіледі!» — деп хабарлайды әкімдіктің телеграм арнасы.