Қияр адам сүйегін қатайтуға көмектесе ме?

Қиярдың адам денсаулығына, әсіресе сүйегіне пайдалы екені туралы ақпарат тарады. Қиярдың құрамында адамның бір күніне қажет К дәрумені мөлшерінің тең жартысы бар деседі. Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз деректі тексеріп көрді.

К дәрумені метаболизм үшін маңызды рөл атқарады және сүйектерді қатайтуға көмектеседі. Сонымен қатар ол остеопороз, сынған сүйекті қалпына келтіруде пайдасы бар. Зерттеулердің мәліметіне сүйенсек, ағзасында К дәрумені аз адамның сүйектері әлсіз келеді.

Дегенмен пісірілген, маринадталған қиярларда К дәрумен аздау болатынын ескерген жөн.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ Ұлттық денсаулық институтының мәліметтері бойынша, К дәруменін тәулігіне ересектер 90-120 мкг, нәрестелер 22,5 мкг, балалар мен жасөспірімдер 30-75 мкг, әйелдер 90 мкг, ерлер 120 мкг тұтынуы қажет. Бір қиярда 16,4-32,2 мкг К дәрумені бар.

Қиярдың өкпе қызметіне тікелей әсері туралы ғылыми деректер жоқ. Дегенмен К дәрумені антиоксидант қасиеттерге ие (жасушаларды қорғау) және жалпы денсаулыққа пайдалы.

Сонымен қатар қияр 95% судан тұрады. Мұндай өнімдер дененің су балансын сақтауға көмектеседі.

Factcheck.kz