Қазақстан әйел қауіпсіздігіне қатысты рейтиңде 70-орында

Биыл Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты рейтиңде 70-орында. Бұл туралы “Бейбітшілік және әйелдер қауіпсізідігі индексі” есебінде айтылған.

Авторлар 177 елдегі жағдайды үш категория бойынша бағалаған: инклюзия, құқық, қауіпсіздік.

Ондағы ақпар бойынша, әйелдер үшін ең қауіпсіз ел Дания болып шыққан. Екінші орында — Швейцария. Үшінші орынға Швеция жайғасты.

Қазақстан әлемдік рейтиңде 70-орында тұр. Қырғызстан 95-орында, Өзбекстан 94-орында, Тәжікстан 90-орында, ал Түркіменстан 58-орында.

Рейтиң бойынша, әйелдер үшін ең қауіпті мемлекеттер — Ауғанстан (177-орын), Йемен (176-орын) және Орталықафрикалық Республика (175-орын).

Есепті Джортаун әйелдер институты (GIWPS) және бейбітшілікті зерттейтін норвег институты (PRIO) дайындады.

Factcheck.kz