Қаржы мониториң агенттігі атынан хабарласатын алаяқтар пайда болды

Қаржы мониториң агенттігі атынан азаматтарға қоңырау соғатын алаяқтар пайда болды. Бұл туралы ведомствоның өзі хабарлады.

Алаяқтар телефон арқылы қоңырау соғып немесе хабарлама жіберіп, азаматтардан банк шоттарының реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды. Оған қоса олар агенттік атынан жалған құжаттар жібереді. Онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері тұрады. Қоңырау шалған алаяқтар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.

Қаржы мониториң агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар/операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Қаржы мониториң агенттігі

Ведомство азаматтарға алаяқтық схемаларға тап болса, мұндай хабарламаларды елемеуді және құқық қорғау органдарына немесе Агенттіктің Call-орталығына (1458) хабарласуы керек екенін айтады.

Factcheck.kz