Илон Маск компаниясында Apple құрылғысын қолдануға тыйым салуы мүмкін

Apple OpenAI технологияларын iPhone-ға біріктіргісі келетінін айтқан соң Илон Маск өз компанияларында Apple құрылғыларын пайдалануға тыйым салу ниеті бар екенін мәлімдеді. Илон Масктың айтуынша, Siri дауыстық көмекшінің кейбір сауалды ChatGPT-ге жібере алатыны қауіпсіздікті бұзу болып саналады. Бұл туралы SecuirityLab хабарлады.

«Apple-ды операциялық жүйе деңгейінде OpenAI-мен біріктірсе, онда Apple құрылғыларына менің компанияларымда тыйым салынады. Бұл – жол беруге болмайтын қауіпсіздікті бұзу», – деді Маск өзінің X желісіне жариялаған постында.

Сонымен қатар ол компанияға келетіндер Apple құрылғысын кіреберісте тастап кетуі керек болатынын айтады. Олар құрылғыларды кез келген сигналды бұғаттайтын Фарадей торына салып қояды. Тыйым SpaceX, Tesla және X қызметкерлеріне қатысты.

Reuters агенттігінің хабары бойынша, бұған дейін Apple өзінің қолданбалары мен операциялық платформаларында жасанды интеллект мүмкіндіктерін, ChatGPT технологиясын өз құрылғыларына енгізу үшін OpenAI-мен серіктестік болатынын жариялады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz