26 мамырда Тбилисиде Грузияның тәуелсіздік күніне арналған еркіндік шеруі өтті. Бұл туралы “Эхо Кавказа” сайты хабарлады.
Митиңге мыңнан аса адам қатысты. Оған жиылғандар “Шетел ықпалының ашықтығы туралы” заңға қарсы екенін айтты. Олар “Ресей заңына жол жоқ!” және “Ресей жүйесіне жол жоқ!” деп ұрандатты.
Айта кетері, 14 мамырда Грузия парламенті үшінші оқылымда “Шетел ықпалының ашықтығы туралы” заң жобасын мақұлдаған. Дегенмен оппозиция өкілдері мен Грузияның азаматтарының кейбірі заңға наразы екенін айтты. Грузия президенті заң жобасына вето қойған.