Грузия парламенті “шетел ықпалының ашықтығы” заңына қол қойды

Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили “Шетел ықпалының ашықтығы” заңына қол қойды. Бұл туралы “Эхо Кавказа” сайты хабарлады.

Енді жаңа заң бойынша, шетелден 20%-тен көп қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдар мен медиалар мемлекетке есеп беруі керек және арнайы тіркелуі керек. Заңды бұзғандарға 9,5 мың доллар айыппұл салынады.

Айта кетері, бұл заңға Грузияда мыңдаған адам қарсы болып, митиңге шыққан. Тіпті ел президенті де оған қарсы вето қойған. Дегенмен парламент оны еңсеріп, заңды қабылдады.

Factcheck.kz