Грузия парламенті «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңды үшінші оқылымда қабылдады

Грузия парламенті мыңдаған адамның наразылығын тудырған «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын үшінші және соңғы оқылымда қабылдады. Бұл туралы BBC News орыс қызметі хабарлады.

84 депутат заңды қолдап дауыс берсе, 30 депутат қарсы болған. Құжатқа «шетел державасының мүдделерін қолдайтын ұйым» термині енгізілген. Бұл санатқа қаржының 20%-тен астамын шетелден алатын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тар жатады. Олар жылдық есепке қатысты декларацияны толтыруға міндетті. Тіркеуден немесе декларациядан жалтарғандарға 9,5 мың АҚШ доллар айыппұл салынады.

Парламентте заң жобасы талқыланып жатқанда Грузия астанасында оған қарсы жаппай шерулер, наразылықтар өтті. Тіпті митиңге жиылғандар мен полиция арасында қақтығыстар болды. Заңға қарсылар бұл Ресейдің «шетел агенті» деген заңына ұқсайтынын және жаңа заң Грузияға Еуропалық Одақтың құрамына кіруіне кедергі болатынын алға тартып отыр. Ал премьер-министр және биліктегі «Грузин арманы» партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзе заң грант алушылардың қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет деп санайды.

Оппозиция депутаты Хатия Деканоидзенің айтуынша, заң жобасын мақұлдау үшін бір күн бұрын өткен парламенттік құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің отырысы небәрі бір минутқа созылған. Оған оппозиция ғана емес, парламенттік көпшіліктің басым бөлігі қатыса алмаған.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили де заңның қабылданғанына қарсы. Ол тіпті вето қоятынын айтып, уәде берген еді. Алайда үкіметте заңды қолдайтындар саны көп болған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz