Дубай көлік арқылы бұлт “сеуіп” жатыр ма?

Әлеуметтік желіде Дубайда кетіп бара жатқан, “бұлтқа оранған” көліктің видеосы тарады. Оған қоса сәуірде Біріккен араб әмірліктерінде сел болғанына ауа райын өзгертетін бағдарламаның қатысы бар дейді. AFP фактчекерлері деректі тексерді.

«Олар Дубайға бұлттарды осылай сеуіп жатыр ма?», деді 2024 жылғы 27 сәуірде твиттерде бір қолданушы.

Мұндай ақпарат бірқатар жерде тарады.

Дубай көлік арқылы бұлт “сеуіп” жатыр ма?

Бұлт себу – жауын-шашынның ықтималын арттыру үшін бұлттарға химиялық заттарды енгізу.

Дегенмен фактчекерлер жүк көлігінің интернетте тарап жатқан бейнесі компьютер арқылы жасалғанын және бұлт себу бағдарламасына қатысы жоқ екенін анықтады. Суретті кері іздеу жүйесі видеоны алғаш рет 2024 жылғы 4 ақпанда TikTok пен Instagram-да пайда болғанын анықтады. Оны Мұстафа Эльдиасти деген адам жасаған. Ол Instagram профилінде өзін визуал эффектілер (VFX) және 3D суретшісі деп жазып қойған.

«Бұл менің бейнем, мен оны 3D бағдарлама құралы арқылы жасадым», – деді ол AFP-ке электрон хат арқылы.

АҚШ-тың Айдахо штатындағы бұлтты себу бағдарламасының менеджері Кала Голден де суреттің ауа райының өзгергенімен байланысы жоқ екенін айтты. Голденнің сөзінше, бұлтты себу жұмыстары жерден де, ұшақтан да жүзеге асырылып жүр, бірақ процестің өзін жай көзбен көру мүмкін емес.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz