Дүниежүзілік экономикалық форум миллиондаған үй жануарын өлтіруге шақырды ма?

Әлеуметтік желіде Дүниежүзілік экономикалық форумның жер бетіндегі көміртек қалдығын азайту үшін миллиондаған мысық пен итті өлтіруге шақырғаны туралы ақпарат тарады (мұнда, мұнда). FullFact басылымы деректің рас-өтірігін тексеріп көрді.

Дүниежүзілік экономикалық форум миллиондаған үй жануарын өлтіруге шақырды ма?

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) мұндай саясатты қолдағанын растайтын ешқандай дәлел жоқ. Оның үстіне, былтыр ДЭФ өкілдері Agence France Press-ке ұйымның ешқашан мұндай мәлімдеме жасамағанын немесе мұндай бастама көтермегенін айтқан.

Бұл Дүниежүзілік экономикалық форумына қатысты тараған бірінші жалған ақпарат емес. Мысалы, 2019 жылы форум Ұлыбританияда иттерге жәндіктерден тамақ жасайтыны туралы мақала жариялаған. Сол кезде “ДЭФ жәндікті жегісі келмеуді — нәсілшілдік деп мәлімдеді” деген фейк дерек тараған.

Оған қоса форумның мұндай мәлімдеме жасауы екіталай. Себебі мысалы, 2021 жылы олар уеб-сайтында коронавирусқа қатысты пандемияда үй жануарларын бағудың пайдасын, оның адам психикасына оң әсерін хабарлаған.

Factcheck.kz