DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады

Қазақстан азаматтарының үштен екісі ауқымды және елеулі өзгерістерді күтіп жүр. Бұл туралы DEMOSCOPE бюросы сауалнамасының нәтижесіне сүйеніп мәлімдеді.

2023 жылғы 11-16 желтоқсан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп азаматтар арасында «Қазақстанның қазіргі жағдайына баға беру және жыл қорытындысы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамда респонденттер жылға қорытынды жасады.

Сауалнама нәтижесінде қазақстандықтың жартысынан көбін, олардың отбасыларын табыс аз кезде (50,6%) күнделікті өмірде қажет тауарлардың қымбаттағаны (52,2%) алаңдататыны анықталды. Оған қоса азаматтар үшін басты мәселелер — баспана алу қиын екені (33,4%), зейнетақының, жәрдемақының, шәкіртақының аздығы (31,3%).

Экономика және баспана мәселесінен бөлек, Қазақстан халқын мынадай тақырыптар алаңдатады:

  • жемқорлық – 29,6%;
  • жұмыс орындарының жетіспеуі мен жұмысқа тұру қиын екені – 27,2%;
  • қоршаған ортаның ластануы – 23,2%;
  • денсаулық сақтау жүйесінің қиын әрі ыңғайсыз екені, оған халықтың көңілінің толмауы– 23,1%;
  • білім беру жүйесінің күрделі мәселе, оған халықтың көңілінің толмауы – 18,7%;
  • көлік инфрақұрылымының нашар екені – 16,5%;
  • коммуналдық инфрақұрылым мәселесі – 16,2%;
  • қылмыс деңгейі – 7,3%;
  • демалыс пен сауыққа мүмкіндіктің жоқ екені– 4,4%.

Сауалнама нәтижесі бойынша, қазақстандық азаматтардың 40%-ке жуығы 2023 жылы елде өмір сүру деңгейі нашарлады деп есептейді (39,5%), респонденттің үштен бірі (33,4%) жағдай бұрындай деп ойласа, халықтың 19,4%-і өмір сүру сапасы жақсарды дейді.

DEMOSCOPE зерттеуі көп адам елдегі бірқатар мәселе өзгергенін қалайтынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқанның 65,7%-і Қазақстанға ауқымды және шешуші өзгерістер қажет деп санайды. Кішігірім өзгерістерді қалайтындар айтарлықтай аз – 24%. Қазақстандықтардың тек 7-і «ешқандай өзгеріс қажет емес, бәрі сол күйінде қалсын» деген пікірде.

  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады
  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады
  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады
  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады
  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады
  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтары инфляция мен аз табыстан қорқады

Бір қызығы, DEMOSCOPE сауалнамасы бойынша, мемлекеттік институттар арасында азаматтардың көбірек сеніміне ие адам – Қазақстан президенті (барлық ақпараттық жүйе елдің бірінші тұлғасының рейтиңіне жұмыс істейтін автократияда бұл – қалыпты нәрсе). Сауалнамаға қатысқан респонденттің 69,4%-і Тоқаевқа адал болып шықты, ал 20,1%-і, керісінше, сенбейді. Оған қарама-қайшы оқиғалар себеп болса керек. Қатаңдап бара жатқан сыртқы саяси күн тәртібі ішкі мәселелерді жұмсағырақ қабылдауды үйретеді.

Азаматтардың жартысына жуығы банктерге (51,4%), полицияға (50%), әкімдерге (48,2%) және дін қайраткерлеріне (47,4%) сенеді екен.

Үкіметке деген сенім мәселесінде респонденттердің пікірі айтарлықтай екіге бөлінген – сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (48,8%) оларға сенім білдірді, ал 39,5%-і сенбейді.

Депутаттық корпустың сенім деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Парламентшілерге 47,7%-і «сенбейтін тәріздімін» деген жауапты таңдаса, 35,6%-і сенеді. Соттарға деген қоғам сенімі одан да аз. Оларға 38,2% тұрғын сенсе, 37,2% азамат «сенбейтін тәрізді».

Қоғамдық сенім деңгейі сауалнамаға қатысқандардың жасымен тығыз байланысты. Зейнет жасына дейінгі қазақстандықтар көп мәселеге күмәнмен қарайды. Мәселен, 50 жастан бастап 59 жасқа дейінгі сауалнамаға қатысқандардың 51%-і және 62%-і үкімет пен парламент депутаттарына сенбейді. Ал 18-29 жас аралығындағылардың институттарға сенетіні байқалады. Аталмыш жас тобындағылардың 79%-і президентке сенеді. Оған қоса респонденттер діни қызметкерлері көп сенеді екен (66%).

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 33,4%-і ел экономикасы, 43,1%-і экология нашарлаған деп есептейді. Ал білім беру саласында жағдайдың жақсара бастағаны байқалады. Оң өзгерістерді байқағандар үлесі – 36,4%. 29,8%-і оқу-ағарту саласындағы жағдай өзгерген жоқ деп есептесе, 21,3% респонденттің пікірінше, жағдай нашарлаған.

Бір қызығы, құқық қорғау органдарының жұмысын бағалауда қоғам пікірі екіге бөлінді. 38,2% адам құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді байқамаса, 37,2%-і, керісінше, оң өзгерістер болғанын атап өтті. 16,5% тұрғын жағдай нашарлай бастады деп санайды.

Қазақстандықтардың жартысы елдегі жағдайды қолайсыз, яғни 29,3%-і тұрақсыз және 20,9%-і ауыр деп санайды. 45% респондент пікірінше, қазіргі жағдай жайлы.

Factcheck.kz