Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры доктор Тедрос Гебрейюс Конго демократиялық республикасында (КДР) және Африканың дамып келе жатқан елдерінде mpox індеті (бұрын маймыл шешек деп аталған) халықаралық деңгейде алаңдататын төтенше жағдай екенін мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
Төтенше жағдайлар комитеті сарапшыларының айтуынша, ауру Африканың басқа елдеріне, сондай-ақ континенттен тыс жерлерге де тарап кетуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Африка бойынша аймақтық директоры, доктор Матшидисо Моэтидің айтуынша, ұйым mpox тарап кетпесі үшін шаралар қабылдап, үкіметпен тығыс жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, профессор Дими Огойна 2022 жылы аурудың өршуі болғанын еске салды. Сол кезде ДДҰ да денсаулық сақтау саласындағы халықаралық төтенше жағдай жариялады және оны тек 2023 жылғы мамырда алып тастады, себебі ол кезде жағдай қалып келе бастаған болатын.
Ортпокс вирусы тудырған mpox алғаш рет 1970 жылы Конгодо табылды. Ауру Орталық және Батыс Африкада эндемиялық болып саналады. Былтыр КДР-да бірінші кезекте жыныстық қатынас арқылы жұғатын 1b вирусының жаңа штаммының пайда болып, оның шекаралас елдерде тез таралғаны өзекті мәселеге айналды және PHEIC мәлімдемесінің негізгі себебіне айналды.
2024 жылы тіркелген жағдайлардың саны 2023 жылғы көрсеткіштен асып кетті. Биыл 15,600-ден астам адам инфекция жұқтырған, 537 адам қайтыс болған. Сарапшылардың пайымдауынша, жағдайдың шын көрсеткіші одан да көп болуы мүмкін. Кейінгі бір айда ауру Бурундиде, Кенияда, Руандада және Угандада да анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ДДСҰ-ның иммундау бойынша стратегиялық сарапшылар тобы ұсынған және ДДСҰ тізіміндегі ұлттық реттеуші органдар мен жекелеген елдер, соның ішінде Нигерия мен ДРК мақұлдаған mpox-қа қарсы екі вакцина қолданылады.
Ұйым әлі өз рұқсатын бермеген, табысы төмен елдер үшін вакциналарға қол жеткізуді жылдамдату үшін жұмыс істейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қадағалау, дайындық және әрекет ету шараларын қолдау үшін жедел қаржыландырудан бастапқыда 15 миллион доллар күтетінін және Төтенше жағдайлар қорынан 1,45 миллион доллар бөлгенін айтады.