CNN мен AP агенттігі ХАМАС-тың шабуылдайтынын алдын ала білді ме?

10 қарашада Instagram-да X желісіне жарияланған жазбаның скриншоты тарады. Онда бір ер адамның екіншісінің бетін сүйіп тұрғаны бейнеленген. Фотоның сипаттамасында: “AP/CNN фотографы Хасан Эслайя ХАМАС лидері Яхья Синвармен бірге”, – делінген. Осы суретке қарап, қолданушылар CNN мен Associated Press ХАМАС-тың 7 қазанда шабуыл жасайтынын алдын ала білген деген мәлімдеме тарады. USA Today фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

“Барлық назар осы тақырыпқа ауған соң, CNN және Associated Press сұмдық шындықты айтуға мәжбүр болды. Олар не болатынын алдын ала білді. Олар бұл туралы ақпаратты бірінші болып тарату үшін ешкімге тіс жармады”, – дейді TikTok-қа жарияланған видеодағы адам.

CNN мен AP агенттігі ХАМАС-тың шабуылдайтынын алдын ала білді ме?

Екі апта ішінде İnstagram-дағы жазба 15 мың лайк, ал TikTok-тағы түпнұсқа жазба 100 мың лайк жинады. Осыған ұқсас жазбалар İnstagram-да, Facebook-те, TikTok-та тарады.

Алайда екі басылым да 7 қазанда шабуыл болатынын алдын ала білгенін мәлімдемеді. Керісінше, екеуі де бұл ақпаратты теріске шығарды. Associated Press агенттігі офисіне түскен бірінші сурет шабуылдан кейін бір сағаттан соң түсірілгенін айтты.

Жалған ақпараттың тарағанына 8 қарашада HonestReporting уеб-сайтына жарияланған мақала себеп болуы мүмкін. Сайт Газадан ақпарат тарататын төрт фотожурналистің кәсібилігіне күмән келтірді. Онда журналистердің ХАМАС-пен байланысы бар екені жазылған.

Мақалада айтылып жатқан журналистің бірі — скриншотта бейнеленген Хасан Эслайя. Ол CNN және AP агенттігінің фрилансер-репортеры болған.

Екі медиа да журналистерінің ХАМАС-тың шабуылын алдын ала білгені туралы ақпарды жоққа шығарып, Эслайямен байланысты үзгенін айтты.

“AP-тің фрилансерлерден алған суреті шабуыл басталған соң, кем дегенде бір сағаттан кейін түсірілген. AP-тің бірде-бір қызметкері шабуыл кезінде шекарада болмады және оны кесіп өтпеді. Біз AP-те және жаңалық тарататын Газадағы басқа да халықаралық ұйымдарда фрилансер болып істеген Хасан Эслайямен бірге жұмыс істеп жүрген жоқпыз”, – деп хабарлады Associated Press.

CNN дәл осындай мәлімдеме жасап, Эслайяның 7 қазанда арнада жұмыс істемегенін айтты.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz