Бурдж-Халифада Үнді құдайының бейнесі көрсетілгені рас па?

Дүниежүзіндегі ең биік зәулім ғимарат – Дубайдағы Бурдж-Халифаға проекцияланған үнді құдайы Раманың суреті желіде тарап жатыр. Жазбалар 22 қаңтарда Үндістанның Айодхья қаласындағы Рама храмының қасиетті рәсімінен кейін пайда бола бастады. Reuters фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Бурдж-Халифада Үнді құдайының бейнесі көрсетілгені рас па?

Агенттік былай деп жазады: Айодхья қаласында туған деп есептелетін Құдай Раманың ғибадатханасының құрылысы индустар мен мұсылмандар арасында бұрыннан келе жатқан даудың ортасында тұр. Бхаратия Джаната деген үнді ұлтшыл партиясы ғибадатхананың ашылуын ғасырлар бойы мұсылмандар мен отаршыл державаларға мойынсұнып жүрген үнділердің қайта жандануының бір бөлігі деп ұсынды.

Раманың Дубайдағы зәулім ғимараттағы проекциясының фотосын X және Facebook әлеуметтік желілерінен көруге болады.

Дегенмен сурет шын мәнінде өңделген. Түпнұсқа нұсқасы саяхатқа қатысты блогта 2019 жылғы қазанда жарияланған.

Үнді құдайының аталған ғимаратта бұрын-соңды көрсетілгенін растайтын дәлел жоқ: Бурдж-Халифаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасының ешқайсында, ресми уеб-сайтында бұл туралы видео жазбалар немесе дәлелдер жоқ.

Дубайдағы зәулім ғимаратты салған Emaar Properties компаниясы редакцияның бұған қатысты сауалына (материалды жазып жатқанда) жауап бермеді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz