Бразилияның Жоғарғы соты ел аумағында X желісінің жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Жоғарғы сот бұған дейін де әлеуметтік желіге қатысты шешімдер шығарған: оның ішінде 3 миллион доллардан астам айыппұл төлеу, Бразилияда Х өкілін тағайындау сияқты талаптар бар еді. Бірақ Сот төрешісі Александер де Мораес әлеуметтік желі бұған дейін шығарған Жоғарғы соттың шешімдерін орындағанға дейін желіні жабуды қаулы етті.
Шешім бойынша, енді елде бұл желіні қолданғандарға 50 мың реал айыппұл салынады.
X желісінің негізін қалаған Илон Масктың айтуынша, “олар Бразилиядағы ақиқат көзін жауып жатыр”.
Айта кетері, 2024 жылдың басында Мораес X желісінен “жалған ақпарат пен жеккөрініш сипатындағы ақпаратты таратты” деп күдікке ілінген аккаунттарды жабуды талап еткен еді. Маск мұны цензура деп бағалаған. Бұған жауап ретінде ол X-тің Бразилиядағы кеңсесін жауып, аталған елде желі Starlink арқылы ашылатындай еткен. Кейін Бразилия соты желінің есепшоттарын бұғаттап, шешімді даулаған компанияның өтінішін қанағаттандырмаған еді.